Рентабельділігі төмен және зиянды кәсіпорындардың үлесі алғашқы тоқсанда 24,1-ден 26,2 пайзыға өсті

АЛМАТЫ. 10 мамыр. ҚазАқпарат -  Ұлттық банктің экономиканың нақты секторындағы ахуалды бағалау мақсатында сәуір айныда жүргізілген 1-тоқсан бойынша кәсіпорындардың кезекті мониторингінің нәтижелерін  жариялады.
None
None

Онда мониторингке қатысушы кәсіпорындардың саны 2011 жылғы 4-тоқсан бойынша пікіртеріммен салыстырғанда 2397-ден 2422-ге дейін, оның ішінде орташа және ірілері - 1461-ден 1469-ға дейін ұлғайды.

Ұлттық банктің баспассөз қызметінің хабарлауынша, несие алған кәсіпорындардың үлесі 19,7-дан 20,4 пайызға өсті. Бұл ретте банктердің несиелері  бойынша берешегі бар кәсіпорындардың саны 40,9-дан  38,4 пайызға төмендеді.  Алдағы тоқсанда несие алуға кәсіпорындардың 24,2 пайызы  ниеттеніп отыр. 1-тоқсанда ол - 22,4 пайызды құраған болатын.

Теңге мен шетел валютасындағы кредиттер бойынша орташа пайыздық мөлшерлемелер іс жүзінде өзгермегеніне (12,7% және 10,7%,) қарамастан, кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігі төмендеді. Инвестицияларды қаржыландырмаған кәсіпорындардың үлесі 34,4-дан 38,9 пайызға артты.

Экономиканың нақты секторы бойынша кәсіпорындардың дайын өнімдеріне деген сұранысы да  елеулі төмендеді. Дайын өнімдерге деген сұраныстың өсуін кәсіпорындардың 19,8 пайызы (4-тоқсанда - 25,2%) атап өтсе, сұраныстың төмендеуін 25,7 пайызы (4-тоқсанда - 19,6%) атап өтті. Сұраныстың өсуі «электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен бөлу» саласында ғана байқалды. Енді 2-тоқсанда сұраныста кәсіпорындардың 27,8 пайызы өсуді, 8,8 пайызы  төмендеуді күтуде.

Кәсіпорындардың дайын өніміне бағаның өсу қарқыны 1-тоқсанда  аздап ұлғайды. Төмендеу байқалған «қонақ үй және мейрамхана» саласын қоспағанда, өсу қарқындарының ұлғаюы экономиканың барлық салаларында байқалды. Баға өсу қарқынының жоғарғы көрсеткіші өндіруші өнеркәсіпте тіркелді. Енді 2-тоқсанда бағаның қарқынды өсу үрдісі жалғасатыны жоспарлануда. Бағаның барынша өсуі «электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен бөлу» саласында және өндіруші өнеркәсіпте күтілуде.

Сатудың орташа рентабельдігі (салық салынғанға дейін)  44,1-дан 45,9 пайызға  дейін өскеніне қарамастан, нақты сектордың қаржылық ахуалы тұтастай алғанда біршама нашарлады. Төмен рентабельді және зиянды кәсіпорындардың үлесі 24,1-ден 26,2 пайызға дейін өсті. Тиісінше орташа және жоғары рентабельді кәсіпорындардың үлесі 75,8-ден 73,8 пайызға дейін төмендеді.

Соңғы жаңалықтар