Ресей 10 000 данамен БРИКС-тің естелік банкнотын шығарды

АСТАНА. KAZINFORM — Владимир облысындағы Киржач баспаханасында 10 мың дана таралыммен БРИКС-тің естелік кәдесый банкноты басылды, деп хабарлайды РИА Новости

Ресей 10 000 данамен БРИКС-тің естелік банкнотын шығарды
Фото : RT

Символдық банкнот жасау идеясы БРИКС-тің негізгі құндылықтары – көпполярлық, теңдік және стратегиялық серіктестікті көрнекі түрде көрсету әрекеті ретінде туындаған.

200 номиналдағы банкнотта одақтың негізін қалаушы елдер – Ресей, Бразилия, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африканы бейнелейтін құстар, сондай-ақ одақ құрамына кіретін мемлекеттердің тулары бейнеленген. Банкнот тұжырымдамасы алғаш рет 2024 жылдың қазан айында ұсынылды, ал оның ресми тұсаукесері 2025 жылы Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында өтті.

БРИКС бүгінде 10 мемлекетті біріктіреді: Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка, БАӘ, Иран, Египет, Эфиопия және Индонезия. Ұйым кеңейтілген экономикалық ынтымақтастық арқылы өз мүшелерінің халықаралық ұстанымдарын нығайтуға ұмтылады.

Еске сала кетейік, Қазақстан БРИКС Саммиті аясында экологиялық және гуманитарлық басымдықтарын белгілегені жайлы жазған едік

Соңғы жаңалықтар