Ресей Аляска саммитінен кейін Трамптың жауап сапарын күтеді
АСТАНА. KAZINFORM – Ресей 15 тамызда Аляскада өткен екі мемлекет басшыларының саммитінен кейін АҚШ президенті Дональд Трамптың жауап сапарын күтіп отыр, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.

Бұл туралы РФ СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Родион Мирошник мәлімдеді.
– Мен бір нәрсені айта аламын: біз симметриялы әрекеттер туралы айтып отырмыз. Егер Ресей басшысы АҚШ аумағына баратын болса, біз Құрама Штаттар көшбасшысының Ресей аумағына өзара сапарын күтеміз, - деді Мирошник.
Оның айтуынша, бұл Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастардың ары қарай арта түсуін аңғартады. Бұл ретте қисынды және екі ірі геосаяси держава арасындағы қарым-қатынас Украинамен ғана шектелмейді.
Мирошниктің атап өтуінше, АҚШ пен Ресей арасында халықаралық, жаһандық сипаттағы, тікелей экономикалық, мәдени, спорттық және басқа да қарым-қатынастар сияқты ауқымды мәселелер бар, олардың көпшілігі тоқтап қалды және екі жақтың да мүдделері үшін дамуы керек.
Бұған дейін Ресей делегациясы Аляскаға келгенін жазған болатынбыз.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей көшбасшысы Владимир Путинмен болатын кездесуінің сәтті өтетініне 75 пайызға сенімді екенін мәлімдеді.