Ресей азаматы еліміздің солтүстігінде балық аулау кезінде суға кетті

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Ресей азаматы Қазақстанның солтүстігінде балық аулау кезінде суға кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
None
None

Қайғылы оқиға 27 сәуір күні кешкісін орын алған. СҚО Қызылжар ауданының Асаново ауылына қарасты Исаковка көлінен балық аулау кезінде 43 жастағы азамат суға кеткен.

Аталған адамның денесі ҚР ТЖМ судан құтқару қызметі мамандарының күшімен бейсенбі күні шығарылды.

Соңғы жаңалықтар