Ресей азаматына Қазақстанда есірткі сатқаны үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы кесілмек

Бұл туралы бүгін еліміздің құқыққорғау ведомствосының баспасөз қызметінен хабарлады.
Петропавл қаласының «Сова» дәмханасында жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар кешенін жүргізу барысында 23 жастағы Ресей Федерациясының азаматы ұсталды. Одан бір жарым мың дозадан астам амфетаминдік топқа жататын синтетикалық есірткі тәркіленді. Есірткіні жалпы жеке сату бағасы 10 миллионнан астам теңгені құрайды.
Ұсталған азамат Омбы қаласында тұрады, өзен шаруашылығында механик болып жұмыс істейді, ережесіз күрес бойынша спорт шебері. Ресей аумағында кісі өлтіргені үшін сотталған.
Полицейлер олардың есірткіні жойылған канал арқылы Шу-Бурабай курорттық аймағы және Астана қаласының бетке ұстар көңіл көтеру мекемелеріне жеткізбек болғанын хабарлады.
«Соңғы уақытта қымбат бағалы синтетикалық есірткілер қалталы демалыс мекемелеріне келушілер арасында, сондай-ақ «алтын жастар» сияқты орталарда кеңінен жасырын сұранысқа ие», - деп нақтылады баспасөз қызметінде.
ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабы 3-бөлімі (заңсыз есірткі айналымы) және 250-бабы (есірткі контрабандасы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті күзетке алынды.
«Аталған қылмыстарды жасағаны үшін Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес, күдіктіге он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру түрінде немесе мүлкін тәркілеумен өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы кесілмек», - деп айтылған хабарламада.