Ресей: Башқұртстанда қарлы боран салдарын 22 көлік соқтығысты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Башқұртстан республикалық мемлекеттік автоинспекция баспасөз қызметінің жедел мәліметтері бойынша, 26 желтоқсанда Кармаскалин ауданында Уфа-Орынбор автожолының 47 шақырымында 22 көлік соқтығысқан.
Жаппай апатта бір адам қаза тапқаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Башинформ сайтына сілтеме жасап.
«Ауруханаға бес адам жеткізілді. Қазір оқиға орнында мемлекеттік автоинспекция қызметкерлері мен басқа да шұғыл қызметтер жан-жақты көмек көрсетуде. Уфа бағытында қозғалыс жабылды, қарсы жолақ арқылы айналма жол ұйымдастырылды», - деп хабарлады БР жол полициясы.
БР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, апат болған жерде жол полициясының үш экипажы, сондай-ақ «Дортрансстрой» ЖШС-нің үш арнайы техникасы және Ресей ТЖМ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Сонымен қатар, ТЖ жөніндегі республикалық мемкомитет жүргізушілерге ауа райы тұрақтанғанға дейін Туймазин ауданына барудан бас тартуды ұсынды. 26 желтоқсан күні таңертең М5 тас жолында 33 жеңіл және жүк көліктері қар құрсауында қалды. Серафимовский және Николаевка елді мекендерінің учаскесіндегі қар жауған жолдың салдарынан олардың барлығы қозғалысты жалғастыра алмады.