Ресей БҰҰ Халықаралық сотының малайзиялық Boeing-тің құлауы туралы шешімімен келіспеді
АСТАНА. KAZINFORM — Ресей БҰҰ Халықаралық сотта Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) кеңесінің малайзиялық Boeing ұшағы MH17 рейсінің құлауына қатысы бар деген шешімімен келіскен жоқ.

Ресей Сыртқы істер министрлігі бұл шешімді негізсіз деп атап, ресейлік тарап оған барлық аспекті бойынша — юрисдикция, қолданыстағы құқық, фактология және процессуалдық бұзушылықтар бойынша шағымданғанын атап өтті.
— Халықаралық соттың осы атышулы іс бойынша ерекше бейтарап көзқарас танытуын күтеміз, — деп мәлімдеді ведомство.
Еске сала кетсек, 2014 жылдың 17 шілдесінде Амстердам-Куала-Лумпур бағытында келе жатқан Malaysia Airlines компаниясының Boeing 777 ұшағы Украина жерінде атып түсірілген болатын. Борттағы 298 адамның барлығы қаза тапты.
2025 жылдың 12 мамырында ИКАО кеңесі Ресей Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны бұзды және әуе лайнерінің апатқа ұшырауына жауапты деген қорытындыға келді.
ИКАО — 193 мүше мемлекетті қамтитын БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі. Чикаго конвенциясына сәйкес, бұл елдер ұшу кезінде азаматтық әуе кемелеріне қарсы қару қолдана алмайды. Конвенцияны бұзу туралы шешімді ИКАО Кеңесі қабылдайды.
Бұған дейін ИКАО Қазақстанның әуе қауіпсіздігіне аудит жүргізетінін жазған болатынбыз.