Ресей делегациясы Аляскаға келді

АСТАНА. KAZINFORM – Ресей делегациясы Аляскаға келді, деп хабарлайды ТАСС.

р
Фото: ТАСС

«Россия» арнайы ұшу отрядына тиесілі екінші Ил-96 ұшағы Анкоридж қаласына қонды. Оның бортында Кремль пулына кіретін журналистер мен Ресей делегациясының бір бөлігі бар. Олар Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамптың саммитіне бара жатыр.

Flightradar сервисінің дерегіне сәйкес, әуе кемесі Аляскадағы Анкоридж әуежайына қонған.

Бұған дейін Анкориджге тағы бір арнайы Ил-96 ұшағы қонған еді. ТАСС хабарлауынша, оның бортында Путин мен Трамптың саммитін дайындаумен айналысатын алдыңғы топтардың бірі болуы мүмкін.

Материалды серіктес агенттік – ТАСС ұсынды.

Еске сала кетсек, 15 тамызда Анкориджде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі өтеді.

Бұған дейін Владимир Путин 15 тамызда Аляскада өтетін Ресей-АҚШ кездесуіне дайындық аясында Ресейдің жоғары басшылығының, Үкімет және Президент Әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізген еді.

Соңғы жаңалықтар