Ресей елшілігіндегі кездесу

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 7 мамыры күні Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің ғылым және мәдениет орталығында Қазақстан Республикасы Парламенті депуататтарының, жазушылардың, Астана қаласының
None
None

белгілі қоғам қайраткерлерінің, ұлттық-мәдениет орталықтары өкілдерінің қатысуымен Мәскеу Кремлінен тікелей телеэфир арқылы берілген Ресей Федерациясының сайланған Президенті Владимир Владимирович Путиннің Инаугурациясын, яғни, достас Мемлекет басшысының қызметіне кірісуі салтанатын тамашалау болып өтті.

Жиналғандар арасында Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарников сөз алып, Ресейдің алдында тұрған жаңа міндеттерге тоқталды.

Ресей елшілігіндегі бұл жүздесуге ҚР Парламенті Сенатының депутаты Владимир Редкокашин, жазушылар Смағұл Рахымбек, Владимир Гундарьев, чечен-ингуш ұлттық-мәдени орталығының жетекшісі Салман Героев және басқалар қатысып, туысқан, бауырлас елдің ертеңінің нұрлы жасампаздыққа толы болуына тілектерін білдірісті.

Соңғы жаңалықтар