08:27, 05 Маусым 2009 | GMT +5
Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшісі Павлодарда болды
ПАВЛОДАР. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев кеше Павлодарға сапармен келген Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарниковпен кездесті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кездесу барысында Қазақстанның, Ресей мен Беларус Республикасының арасында ортақ экономикалық кеңістік қалыптастырудағы шекарадағы Павлодар облысының рөлі талқыланды. Үш мемлекеттің Кедендік одағы туралы келісімге қол қойылды, оның шарттары келесі жылдың бірінші жартысынан бастап орындала бастайды. Б.Сағынтаев пен М.Бочарников сондай-ақ, Ресей мен Қазақстанда қабылданып жатқан дағдарысқа қарсы шараларды талқылады. Ресей Елшісі облыстың қалалары мен ауылдарында жүзеге асырылып жатқан «Жол картасы» аймақтық жобасына жоғары баға берді.