14:44, 27 Тамыз 2017 | GMT +5
Ресей футбол клубы құрбандық шалып, жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік «Амкар» тульдік «Арсеналмен» кездесу матчы алдында қой сойды. Мұндай рәсімді «Амкар» мәскеулік «Локомотивтің» бас жаттықтырушысы, 1972 және 1973 жылдары КСРО жоғары лигасының екі маусымында «Қайрат» командасында ойнаған Юрий Семиннің айтуымен орындады, деп жазады newsoftheday.ru.

Құрбандық шалу рәсімі «Амкарға» ресейлік премьер-лиганың алғашқы сегіз турында 1:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті.
Айта кетейік, 2013 жылғы тамызда қарағандылық «Шахтер» командасы чемпиондар лигасының қарсаңында «Астана Арена» стадионында құрбандық шалған болатын. Келесі күнінде «Шахтер» таңғаларлық жағдайда «Селтикті» 2:0 есебімен жеңді.