Ресей футбол құрамасы FIFA және UEFA аясындағы барлық турнирден шеттетілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Ресей ұлттық құрамасы мен клубтары FIFA және UEFA аясындағы барлық турнирден шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресей футбол құрамасы FIFA және UEFA аясындағы барлық турнирден шеттетілді

Бұл жөнінде UEFA сайтында хабарланды.

Аталған шешім Еуропадағы жағдайдың күрделенуіне байланысты қабылданған.

Айта кетсек, Ресей құрамасы 24 наурызда 2022 жылғы әлем чемпионатына плей-офф сатысында Польшамен кездесу өткізу тиіс болатын.

Қарсыласын жеңген жағдайда 29 наурызда плей-офф сатысының финалында Чехия және Швеция жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасатын еді.

Сондай-ақ, Еуропа лигасы 1/8 финалында Ресейдің «Спартак» (Мәскеу) командасы 10 және 17 наурыз күндері Германияның «РБ Лейпциг» клубымен кездесуі жоспарланған.

Еске салсақ, бұдан бұрын биыл Чемпиондар лигасының финалдық матчы Парижде өтетіні хабарланды.