Ресей ғалымдары коронавирусқа қарсы жаңа препаратты сынақтан өткізіп жатыр

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейдің Гамалея атындағы орталығы моноклонды антиденелер негізінде жасалған коронавирусқа қарсы препараттың клиникалық зерттеуін бастайды, ол шамамен үш жарым-төрт ай уақыт алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

Бұл туралы ТАСС агенттігіне Гамалея атындағы орталықтың директоры Александр Гинцбург мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір клиникалық сынақтар басталды. Бірінші және екінші фазадан өту керек, ол шамамен үш жарым-төрт ай уақытты алады. Көктемнің екінші жартысында осы препаратты қолданып көреміз деп сенемін. Алайда бұл препараттың тиімді екені батыстағы баламаларынан-ақ белгілі», - деді ол.

Бұдан бұрын Гамалея атындағы орталықтың жетекші қызметкері, «Спутник V» вакцинасын өндірушілердің бірі Дмитрий Щебляков моноклонды антиденелер негізінде жасалған препараттың клиникаға дейінгі сынақ кезінде жоғары нәтиже көрсеткенін мәлімдеген.


Соңғы жаңалықтар