Ресей ғылым және мәдениет орталығында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу өтті

АСТАНА. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат – Ресей ғылым және мәдениет орталығында Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен екі тарихи оқиға – Ленинград қоршауының толық жойылуына 65 жыл және Сталинград шайқасы аяқталуына 66 жыл толуына орай кездесу өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ресейдің Қазақстандағы Елшілігі ұйымдастырған бұл кездесуге Ленинградты қорғауға қатысқандар және қоршаудағы қала тұрғындары, Волга бойындағы қаһарман-қаланы қорғаған қазақстандық майдангерлер, «Память» ардагерлер клубының мүшелері қатысты. Кездесуді Астана қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы «Память» клубының төрағасы В.В.Кальсин және Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі М.Н.Бочарников ашып, құттықтау сөз сөйледі. Бұдан кейін оларға ҚР Ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің хатшысы М.В.Харжевский өз лебізін білдірді.Ресей ғылым және мәдениет орталығында даңқты оқиғаларға арналып, «Біз жеңіп шықтық» атты соғыс жылдарының сурет көрмесі ұйымдастырылды. Жиналғандар Дмитрий Шостаковичтің атақты 7-ші (Ленинград) симфониясын тыңдады. Кеш соңынан Ресей елшісінің атынан ардагерлерге қонақасы берілді.
Соңғы жаңалықтар