22:34, 01 Ақпан 2017 | GMT +5
Ресей қартаю қаупі бар он елдің қатарында
АСТАНА. ҚазАқпарат - Bloomberg Ресейді халқының қартаю қауіпі бар 10 елдің тізіміне кіргізді, деп хабарлайды lenta.ru.

Агенттіктің есебіне сәйкес, елдегі бір зейнеткерге еңбекке қабілетті 2,4 адамнан келетін көрінеді.
Bloomberg бұл деректерді әр елдің қазіргі зейнеткерлік жасын есепке ала шығарған. Ресейде қазіргі таңда ерлер 60-та, әйелдер 55 жасында зейнеткерлікке шығады.
Франция мен Сингапур қартаю қауіпі ең үлкен мемлекет ретінде көш бастап тұр. Олардың көрсеткіші әр еңбеккерге шаққандағы көрсеткіш 2,2 адамнан келеді.
Мальта, Жапония, Шри-Ланка және Беларусь мемлекеттерінде бір зейнеткерге 2,3 жұмысшы тең келеді екен.
АҚШ-та бір зейнеткер үшін 4,4 жұмысқа қабілетті адамнан келсе, Қытайды - 6,5, Венесуэлада - 5,1, ал Угандада - 9.