Ресей Қазақстанда тыйым салынған ББҚ-ны жарнамалай алмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ-ның Федералдық монополияға қарсы қызметі (ФМҚҚ) Ресейде «Сеалекс Форте» және «Али Капс» биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) жарнамалауға тыйым салды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.
None
None

«2016 жылдың 26 сәуірінен бастап «Сеалекс Форте» және «Али Капс» ББҚ-ның мемлекеттік тіркеуі кері шақыртылған соң, оларды Ресей аумағында сатуға да тыйым салынған. Тиісінше, бұл биологиялық белсенді қоспаларды сатуға да жол берілмейді», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағында аталған препараттарды тіркеу кезінде құрамында мәлімделмеген зат - тадалафил болған заңсыз партиялары анықталды. Аталған ақпарат Беларусь, Армения, сондай-ақ Мәскеу бойынша тергеу комитетінің уәкілетті органдарынан келіп түскен, деп жазады РИА Новости.

Бұған дейін Роспотребнадзор сәуір айының соңында Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті ресейлік «ВИС» компаниясы шығаратын бұл ББҚ-ның мемлекеттік тіркеуін кері шақыртып, олардың мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерін жойғанын хабарлаған еді.

 

Соңғы жаңалықтар