Ресей кеденшілері Қазақстанның кеденінде белгіленген тәртіп шеңберінде ғана бола алады

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Ресей кеденшілері Қазақстанның кеден бекеттерінде белгіленген тәртіп шеңберінде ғана бола алады.
None
None

Бұл туралы бүгін Мәжілісте  ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтері өкілдіктерінің қызметіне арналған заң жобасын талқылау барысында Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

Тоқтала кететін жайт, күні кеше БАҚ-тарда «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының Қытайға Ресей мұнайын экспорттық бажсыз жеткізу жобасына қатысты Ресей тарапының қанағат танытпауы айтылған болатын. Ол бойынша қазақстандық мұнай компаниясының қолданатын баж салығын айналып өту схемасын Ресей тарапы формальды түрде заңды санағанымен, оның ресей бюджетін миллиардтаған доллардан қағатынын мәлімделген еді. 

 Осыған орай депутат Серік Оспанов: «Ресей өз кеденшілерін осы мәселені бақылауға жібергісі келген еді. Ендеше мұнайдың кедендік баж мәселесіне қатысты бұл шаруа қалай шешіліп жатыр?» деп сұрады Қаржы министрінен.

«Ресей кеден қызметінің өкілдері Астана қаласы мен 5 облыстың кеден департаменттерінде орналаса алады. Олар келісімге сәйкес кедендік бекеттерді аралауға құқы бар. Ал мұндай мүмкіндіктер ұсыну үдерісі Кеден комитетінің орталық аппаратына ұсынылған құқықпен бірдей. Яғни, ниет білдірген әркім өзі қалаған жерде бола алмайды. Сондықтан да, олар белгіленген тәртіппен кеден бекеттерінде бола алады және өздеріне жүктелген міндеттерді атқара алады», - деді Б. Жәмішев.  

Соңғы жаңалықтар