Ресей мен АҚШ Аляскадағы саммиттен кейін ведомстволар деңгейінде байланыс орнатып жатыр

– Байланыс біздің министрліктеріміздің, ведомстволарымыздың, компанияларымыздың деңгейінде жалғасып жатыр, - деді Путин.
Осы орайда Владимир Путин Дональд Трамппен Аляскадағы кездесудің қалай өткенін атап өтті.
Ресей президенті сондай-ақ Ресей Федерациясы мен АҚШ арасындағы қатынастың толық қалпына келуін асыға күтетінін мәлімдеді.
– Мен алғашқы жасалған қадамның біздің қатынасымызды толық қалпына келтірудің тек бастамасы деп үміттенемін, - деді Путин.
Сонымен қатар Путин Ресейдің сұйытылған табиғи газды алу контекстінде Америка Құрама Штаттарымен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігін талқылап жатқанын айтты.
Еске сала кетейік, бұған дейін Владимир Путиннің Аляскадағы Анкоридж әуежайына барғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Владимир Путин мен Дональд Трамптың келіссөздері Аляска штатының Анкоридж қаласындағы «Эльмендорф-Ричардсон» әскери базасында өтіп жатқанын хабарлаған едік.