Ресей мен АҚШ делегацияларының Сауд Арабиясындағы кездесуі қашан өтетіні белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM – Америкалық және ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, Ресей мен АҚШ делегацияларының Сауд Арабиясында кездесуі сейсенбі күні өтеді, деп хабарлайды ВВС.

Бұл туралы, атап айтқанда, Axios порталы (екі дереккөзге сілтеме жасай отырып) және «Коммерсант» газеті жазды.
Кездесуге америкалық тараптан Мемлекеттік хатшы Марко Рубио, АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Уолц және Таяу Шығыс бойынша арнайы елші Стив Уиткофф қатысады деп жоспарланып отыр.
Уиткофф бұған дейін Fox News-ке Уолтц екеуі жексенбі күні кешке Сауд Арабиясына баратынын хабарлаған. Рубио ол жерге дүйсенбі күні Израильден келеді.
Ресей делегациясын кім басқаратыны ресми түрде хабарланған жоқ, бірақ БАҚ дереккөздері бұл Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров болуы мүмкін деп жазды.
Оған сондай-ақ Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков пен Сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышкин де қатысуы мүмкін.
Бұған дейін АҚШ делегациясы Ресеймен келіссөз жүргізу үшін Сауд Арабиясына аттанғанын жазған болатынбыз.