Ресей мен Беларусь 4 олимпиада ойындарынан хабар тарата алмайды

None
МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат - Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Ресей мен Беларусь елдерін 2026-2032 жылдар аралығындағы Олимпиада ойындарын тікелей хабар тарататындар қатарына қоспады. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Еуропа аумағында Олимпиада ойындарын тарату құқығы Еуропалық хабар тарату одағы мен бірлескен тендер ұсынған Warner Bros Discovery компаниясына берілді.

Айта кетсек, 2026-2030 жылдардағы қысқы Олимпиада ойындары Милан мен Кортина-д'Ампеццода, сондай-ақ 2028-2032 жылдары Лос-Анджелес пен Брисбен қалаларында жазғы Олимпиада ойындары өтеді.

Соңғы жылдары ойындарды Ресейде трансляциялау құқығына Telesport компаниясы ие болды. Ол компания 2024 жылғы Парижде өтетін Олимпиаданы көрсету құқығына ие.


Фото: EPA-EFE/ LAURENT GILLIERON

Соңғы жаңалықтар