16:24, 19 Мамыр 2015 | GMT +5
Ресей мен Беларусь зениттік-зымыран кешенін жасақтайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - А.Э. Нудельман атындағы көліктік машина жасау конструкторлық бюросы (КБточмаш, «Ростехтың» құрамына кіреді) Беларусьпен бірлесіп жақын радиуста әрекет ететін жаңа зениттік-зымыран кешенін жасақтауға қатысады.

Бұл туралы РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында КБточмаш басқарушы директоры Владимир Слободчиков айтып берді.
Оның айтуынша, жұмыстарды келесі жылдан бастау жоспарланған, деп жазады Би-би-си.