Ресей мен Грузия тікелей диалогты қайта жандандырды

МӘСКЕУ.«KAZINFORM» - Ресей мен Грузия өкілдері бір жылдық үзілістен кейін қайта жанданған тікелей диалог аясында Минскіде кездесу өткізді. Бұл туралы агенттігінің Ресейдегі меншікті тілшісі хабарлайды.

Россия и Грузия
Фото: Московская Газета

Кездесу Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин мен Грузия Премьер-министрінің Ресеймен байланыс жөніндегі арнайы өкілі, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Георгий Зурабашвили арасында өтті.

Ресейдің РФ Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарға басымдық берді.

- Бірқатар практикалық уағдаластықтарға қол жеткізілді, - делінген РФ СІМ хабарламасында. Алайда уағдаластықтардың нақты мән-жайы жарияланбаған.

Сондай-ақ кездесу барысында өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Делегация басшылары келіссөздерді ұйымдастыруға жәрдемдескен Беларусь тарапына ризашылық білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Ресей мен Грузия арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мақсатында байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.

Бұған дейін Грузияда Ресей шекарасына апаратын ұзындығы 426 метрлік көпір құрылысы аяқталып жатқаны хабарланған болатын.