21:01, 27 Қараша 2015 | GMT +5
Ресей мен Қазақстан Байқоңыр бойынша 5 келісімге қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы 2015 жылы Байқоңыр кешенінің жұмысын реттейтін 5 үкіметаралық келісім орнатты, деп мәлімдеді жұма күні тілшілерге РФ вице-премьері Дмитрий Рогозин.

«Өткен жылы ресейлік және қазақстандық тарап үлкен жұмыс атқарды: бес үкіметаралық келісімге қол қойылды, соның ішінде білім ұйымдарының Байқоңыр аумағындағы қызметінің жағдайы туралы келісім орнатылып, оған сәйкес, Қазақстанға қазақ тілінде оқытатын алты мектеп берілген», - деді ол.
Бұдан басқа, Мәскеу мен Астана Байқоңыр кешені аумағындағы кәсіпорындар, ұйымдар және өзге де заңды тұлғалар қызметінің тәртібі туралы хаттамаға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау бойынша келісімдерге қол қойды.
«Байқоңырда пайдаланылмай тұрған нысандарды пайдаланудың нормативтік құқықтық базасын құру жұмыстары жүргізілуде», - деп атап өтті вице-премьер.