Ресей мен Қазақстан бірлесіп түсірген фильм Шанхай кинофестивалінде жүлде алды

АСТАНА. KAZINFORM - Ресей мен Қазақстан бірлесіп түсірген «Ұл» анимациясы 27-нші Шанхай Халықаралық кинофестивалінде «Үздік анимациялық қысқаметражды фильм» жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды қытайлық «Халық газеті».

Ресей мен Қазақстан бірлесіп түсірген фильм Шанхай кинофестивалінде жүлде алды
Фото: Халық газеті

Фильмнің сюжеті - мүгедектер арбасына таңылған баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған әкенің хикаясы туралы. Фильм Ресей мен Қазақстан ынтымақтастығы аясында жасалған.

Сондай-ақ, қырғызстандық «Қара. Қызыл. Сары» фильмі биылғы «Алтын кубок» сыйлығының «Үздік фильм» жүлдесін еншілесе, жапондық «Құмдағы жаз» бен қытайлық «Ұзақ түн де бітеді» фильмдері «Алтын кубок» сыйлығы аясында қазылар алқасының бас жүлдесін иеленген.

Еске сала кетейік, дүниежүзілік кино өнерінің 130 жылдығы мен Қытай киносының 120 жылдығымен тұспа-тұс келген Қытай киносының туған жері Шанхай Хауңпу өзенінің жағасында әлемнің түкпір-түкпірінен келген 100-ден астам режиссерді қарсы алған.

Шанхай мен оның маңындағы аймақтағы 50-ге жуық кинотеатрда 71 елден 400 фильм көрсетілді. Фильмдер «Негізгі байқау», «Азиялық жаңадан келгендер», «Деректі фильм», «Анимация» және «Қысқаметражды фильм» атты бес номинация бойынша «Алтын кубок» жүлдесін сарапқа салды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген Шанхай халықаралық кинофестивалінің жабылу салтанатында өнер көрсеткенін жазғамыз.

Соңғы жаңалықтар