Ресей мен Қазақстан парламенттері жоғарғы палаталарының сипикерлері кездесті

АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат - Бүгін Киевте өтіп жатқан еуропалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі халықаралық парламенттік конференцияның және ТМД Парламентаралық Ассамблеясының көшпелі отырысы жұмысына қатысып жатқан ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының вице-президенті Қасым-Жомарт Тоқаев РФ Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің төрағасы, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің төрағасы Сергей Мироновпен кездесті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында Қ.Тоқаев Қазақстан екіжақты негіздегі, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен форумдар аясындағы қазақстан-ресей өзара іс-қимылының қарқынының жағдайы мен келешегін жоғары бағалайтынын атап көрсетті. «Бұл біздің елдер көшбасшыларының жеке үлесінің нәтижесі», - деді спикер.

Қ.Тоқаевтың айтуынша, екіжақты қатынастардың жағдайы сапалы түрде үнемі арта түсуде, сенімнің, өзара іс-қимылдың, тату көршілік пен стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейі сақталуда. «Біздің заң шығарушы органдар, соның ішінде ҚР Парламенті Сенаты мен РФ Федерациясы Кеңесінің арасындағы ынтымақтастық жөніндегі парламенттік топтар қызметінің парламентаралық байланыстары серпінді даму деңгейін жоғары бағалаймыз», - деп атап көрсетті спикер.    

Парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға сондай-ақ біздің парламентшілердің ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы, ҰҚШҰ және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеялары ауқымындағы тығыз жұмыс та жәрдемдесуде.

ТМД кеңістігіндегі ең дамыған аймақтық бірлестіктердің бірі - ЕурАзЭҚ-қа қатысу Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі екендігін атап өте отырып, Қ.Тоқаев Қазақстан, Ресей және Беларус президенттерінің бастамасымен құрылған Кедендік одақ ауқымында ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігін айтты.

Спикер РФ Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесі басшысы Сергей Мироновты Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар