18:14, 24 Мамыр 2010 | GMT +5
Ресей мен Қазақстан президенттері телефон арқылы әңгімесінде Қырғызстандағы жағдайдың дамуын талқылады
АСТАНА. Мамырдың 24-і. ҚазАқпарат - Кеше кеште Ресей Президенті Дмитрий Медведев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады ресейлік мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Мемлекет басшылары ұдайы пікір алысулар ауқымында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қырғызстандағы жағдайдың дамуын талқылады.
Д.Медведев пен Н.Назарбаев бұдан бөлек Кеден одағы тақырыбын және осыған байланысты екі елдің Кеден одағын қалыптастырудың барлық мәселелерін тезірек шешу мақсатындағы бірлескен іс-қимылының мүмкіндіктерін қозғады.