Ресей мен Қазақстан шекаралас аймақтарда экотуризмді дамытпақ

АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат - Ресейлік «Тигирек» және «Катун» табиғи қорықтарының директорлары қазақстандық Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық саябағы мен Батыс Алтай табиғи қорығының басшылығымен шекаралас аймақтарда экологиялық туризмді дамыту жөнінде меморандумға қол қойды, деп хабарлады РИА «Новости» агенттігі РФ Табиғат қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қол қою Өскеменде өткен екі елдің аймақаралық ынтымақтастығы VII форумында өтті.
None
None

«Қол жеткізілген келісімдердің Ресей мен Қазақстанда экологиялық туризмді тарату, шекаралас аймақтарда биологиялық әралуандықты сақтау жөніндегі бірлескен жұмыс және екі елдің ерекше қорғалатын аумақтарын дамыту мәсеелері бойынша тәжірибе алмасуы үшін зор маңызы бар», - деп санайды Ресей Табиғат қорғау министрлігінің қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаты департаментінің директоры Ринат Ғизатулин.

Осы құжатқа сәйкес тараптар экологиялық туризм қызметі салаасында жемісті ынтымақтасуға ниеттеніп отыр. Бүгнгі таңда негізгі міндет қонақ үйлерін, экосоқпақтарды және туристік бағдарларды ұйымдастыру болып отыр.

Соңғы жаңалықтар