Ресей мен Қазақстан жыл соңына дейін әуе шабуылынан қорғаныстың бірыңғай жүйесін жасауға уағдаласуды жоспарлауда

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Ресей және Қазақстан 2012 жылдың соңына дейін екі елдің әуе шабуылынан қорғаныстың бірыңғай жүйесін құруға уағдаласуды жоспарлауда.
None
None

Бұл туралы РФ қорғаныс министрі Анатолий Сердюков Қазақстан Республикасынан өз әріптесі Әділбек Жақсыбековпен жұмыс кездесуінде мәлім етті, деп жазады РосБизнесКонсалтинг.

Оның айтуынша, 2012 жылдың соңына дейін тиісті келісім жобасын келісу жөніндегі  ішкі мемлекеттк    рәсімдерды аяқтау және қол қоюға әзірлеу жоспарлануда. Қорғаныс министрлері зымыранға қарсы әлеуетке әуе шабуылынан қорғану аймақтық бірыңғай жүйесі бойынша консультацияларды бастауға уағдаласты.

Сондай-ақ әскери ведомстволар басшылары Ресей мен Қазақстанның әскери-техникалық өзара іс-қимылын дамыту перспективаларын қозғады. Олар сонымен қатар тікұшақ жөндеу саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарауға ұйғарды.

Кездесу барысында ҰҚШҰ ауқымында әскери және әскери-техникалық өзара іс-қимылды нығайтумен байланысты проблемалар кешені талқыланды. Соның ішінде ҰҚШҰ Әскери комитетін құру және ұйым мүше-мемлекеттерінің мүддесі үшін қару-жарақ  және әскери техника сатып алу жүйесін жетілдіру де сөз болды.

Бұдан басқа министрлер 2011 жылғы наурызда бекітілген Статегиялық әріптестік және өзара іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру барысын талқылады.

Соңғы жаңалықтар