Ресей мен Моңғолия шекарасында жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Сейсмикалық стансалар желісі 12 желтоқсан күні Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1284 шақырым жерде Ресей мен Моңғолия шекарасында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция» ЖШС сайтына сілтеме жасап.

Ресей мен Моңғолия шекарасында жер сілкінді

«Жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша 17 сағат 56 минут 33 секундта тіркелді. Энергетикалық класы – 12.4. MPV магнитудасы – 6.0. Сезілгені туралы ақпарат жоқ», - делінген хабарламада.


Фото: images1.ynet.co.il