Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер 16 мамырда Ыстанбұлда өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Мәскеу 2022 жылы үзілген тікелей келіссөздерді алдын ала шарттарсыз қайта бастау үшін Киевке 15 мамырда Ыстанбұлда кездесу ұсынғанын мәлімдеген болатын.

Бұл туралы ТАСС агенттігіне келіссөздерді ұйымдастыруға жақын дереккөз хабарлады.
— Иә, 16 мамыр, — деді дереккөз.
Бұған дейін Ресей делегациясының жетекшісі, Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский президент Владимир Путин арнайы әскери операцияның барлық қолбасшыларымен өткен кеңестен кейін Ыстанбұлдағы келіссөздер бойынша нақты тапсырмалар беріп, келіссөз ұстанымдарын айқындағанын айтқан.
Кешкісін Путин Ресей делегациясы мен келіссөздерге қатысатын сарапшылар құрамын бекітті.
Сонымен қатар, келіссөздерге мемлекет басшылары қатыспайтыны белгілі болды. Негізгі рөл ведомстволар басшыларының орынбасарларына жүктеліп отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ердоған Мәскеу мен Киев арасындағы тікелей келіссөздерге алаң ұсынғанын жазған едік.