Ресей мұнайға салынатын экспорттық баж салығын төмендетті

АСТАНА.ҚазАқпарат - 2017 жылдың 1 маусымынан бастап ресейлік мұнайдың экспорттық баж салығы 4,8%-ға төмендеп, 80 долларды құрады. Бұл бір ай бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 4 долларға төмен, деп хабарлайды Росбалт.

Ресей мұнайға салынатын экспорттық баж салығын төмендетті

РФ Қаржы министрлігі көрсеткендей, 2017 жылдың 15 сәуірі және 14 мамыры аралығындағы көрсеткіш бойынша Urals мұнайының орташа бағасы барреліне 48,20889 доллар немесе тоннасына 351,9 долларды құрады.

Министрлік есебіне сәйкес, 2017 жылдың 1 маусымында Ресейдегі мұнайдың экспорттық бажы 4 долларға төмендеп, тоннасына 80 долларды құрайды.