Ресей патриархы Кирилл «Алтын Қыран» орденімен марапатталды

АСТАНА. KAZINFORM — Ресей патриархы екі ел арасындағы рухани байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін марапатқа ие болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кирилл
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысу үшін Астанаға келген Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллмен кездесті.

— Кездесуден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы рухани байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін әрі айрықша құрмет белгісі ретінде Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллді «Алтын Қыран» орденімен марапаттады, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VIII Съезінің жұмысы басталды.

Шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев дін басшыларын бейбітшілік елшілері деп атады.

Соңғы жаңалықтар