Ресей Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM – Ресей президенті Владимир Путин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады. Құттықтау Кремльдің ресми сайтында жарияланды.

путин
Фото: Михаил Синицин/ ТАСС

- Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

Біз Сіздің мемлекеттеріміздің арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Бұл қарым-қатынастар бауырлас Ресей мен Қазақстан халықтарының игілігі, еуразиялық кеңестікте қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында алдағы уақытта да жемісті жалғасын табатынына сенімдімін.

Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізге шын жүректен денсаулық, игілік пен мемлекет болашағы жолындағы қызметіңізге сәттілік тілеймін.

Құрметпен, Владимир Путин, - делінген Ресей президентінің құттықтауында.

Соңғы жаңалықтар