Ресей президенті Владимир Путин Өзбекстанға келді

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен Өзбекстанға келді. Оны әуежайдан Шавкат Мирзиёев күтіп алды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар. 

Ресей президенті Владимир Путин Өзбекстанға барды
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Сапар бағдарламасына сәйкес, екі ел басшылары жоғары деңгейде келіссөздер жүргізбек. Оның барысында жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық және өзбек-ресей қатынастарын одан әрі дамыту мәселелері талқыланады.

Путин мен Шавкат
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Өзбекстан басшысының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кездесу аясында тараптар тауар айналымын арттыру, кооперациялық жобаларды ілгерілету, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайта түсуге ерекше назар аударады.

Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған. Сонымен қатар Владимир Путин мен Шавкат Мирзиёев Ресей мен Өзбекстан өңірлері кеңесінің бірінші отырысына қатысады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин 26-27 мамырда Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келетінін жазып едік.

Ресей басшысы кейінгі рет Өзбекстанға 2022 жылы қыркүйек айында Самарқандағы ШЫҰ-ның (ШЫҰ) саммитіне қатысу үшін келген.

Соңғы жаңалықтар