Ресей Президенті Қазақстан басшысын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады

Құттықтау мәтіні РФ Президентінің ресми сайтында орналастырылған.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдауында Дмитрий Медведев ресей-қазақстан қатынастары негізінде - «тарихи ортақтық, стратегиялық әріптестік, достық, тату көршілік пен өзара құрмет» жатқанына терең сенімін білдірді.
«Біздің елдеріміз арасындағы ұдайы және сенімге незізделген байланыстарымыз, көпқырлы және өзара тиімді ынтымақтастық бұдан былай да Ресей мен Қазақстан халықтарының мүддесі үшін нығая түсетін болады. Бұл орайда Ресей, Қазақстан және Беларус Кеден одағы ауқымындағы бірлескен белсенді жұмыстың басталуына айрықша үміт артамыз. Халықаралық аренада, соның ішінде Сіздің елдің алдағы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы ауқымында күш-жігерімізді алдағы уақытта да тығыз үйлестіріп отыруға дайынбыз», - делінген құттықтауда.