Ресей «Протон» зымырантасығыштарын ұшыруды кезең-кезеңімен азайтады - Қ. Келімбетов

«Байқоңыр» ғарыш айлағын бірлесе пайдалану жөніне келер болсақ, 2004 жылғы Қазақстан мен Ресей басшыларының арасында қол қойылған аталмыш ғарыш айлағын 2050 жылға дейін жалдау туралы келісімдердің мүлтіксіз орындалатындығын ресми түрде атап өткім келеді. Екі ел тек ғарыш саласында ғана емес, сонымен қатар барлық салада одақтас әрі стратегиялық әріптес болып табылады. Сондықтан ғарыш саласындағы барлық мәселелер жұмыс барысында РФ Үкімет басшысының орынбасары Игорь Шувалов екеуіміз басқаратын үкіметаралық комиссияның шеңберінде қарастырылады», - деп атап өтті Қ. Келімбетов.
Сондай-ақ, оның атап өтуінше, Қазақстанның экологиялық ахуалына кері әсерін тигізетін жоғары токсинді жанармай түрлерін пайдаланатын зымырандарды ұшыруды азайту мәселелері қарастырылып жатыр.
«Келісімге сай Ресей жағы Қазақстандағы экологиялық ахуалға кері әсер ететін «Протон» зымырантасығыштарын ұшыруды кезең-кезеңімен азайтуға ықыласын білдірді. Ал біз өз тарапымыздан Ұлттық мүддені қорғай отырып, стратегиялық әріптеске деген сыйластықты және қол жеткізілген келісімдерді ұмытпауымыз қажет», - деді вице-премьер.