Ресей тарапы еуропалық әріптестерін ЕҚЫҰ Саммитін Қазақстанда өткізуді қолдауға шақырды

БРЮССЕЛЬ. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Ресей тарапы еуропалық әріптестерін ЕҚЫҰ Саммитін Қазақстанда өткізуді қолдауға шақырды.
None
None

Бұл туралы сәрсенбі, шілденің 14-і күні Брюссельде «ЕҚЫҰ-на Қазақстанның төрағалығы: қорытындылар мен жаңа болашақ» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел барысында Еуропалық Одақ жанындағы Ресей Федерациясы тұрақты өкілінің кеңесшісі Ольга Сенина айтты.

Оның пікірінше, аталмыш іс-шара еуроантлатикалық және еуроазиялық кеңістіктегі қауіпсіздік мәселелерін шешу бойынша мемлекеттердің өзара нәтижелі іс-қимылын қалыптастыруға, сондай-ақ шақыртулар мен қауып-қатерде халықаралық және аймақтық ұйымдардың ықпал етуі бойынша бірлескен міндеттерде көмектесуге мүмкіндік береді.

«Осындай іс-шаралар Ванкуверден Владивостокқа дейінгі кеңістікте жұмыс істейтін негізгі халықаралық және аймақтық көшбасшылардың басын қосуға мүмкіндік береді. Сондықтан біз Саммитте талқыға түсетін сұрақтар тек ЕҚЫҰ-ның күн тәртібіндегі мәселелерді ғана емес, біздің ортақ қауіпсіздігіміз туралы негізгі проблемаларды қарастырады деп күтеміз. Еуропалық қауіпсіздік жөнінде бекітілген жаңа келісім бойынша Ресей бастамасы аталмыш іс-шара барысында қаралады деп үміттенемін», - деді О.Сенина.

Соңғы жаңалықтар