Ресей театр өнері институты қазақстандық режиссерлерге 5 грант бөледі
АСТАНА. KAZINFORM – Еуропадағы ең ірі театр саласы бойынша білім беретін Ресей театр өнері институты (ГИТИС) қазақстандықтарға грантта оқуға мүмкіндік бермек. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі РФ Мәдениет министрлігімен «Театр режиссурасы» мамандығы бойынша 5 бюджеттік орын бөлу туралы келісімге келді.

Конкурсқа колледж түлектері, сондай-ақ қазіргі театр мамандары қатыса алады. 2024 жылғы 5 шілдеге дейін мына сілтемедегі құжатты толтыра отырып өтінім бере алады.
Негізгі ақпараттан басқа, үміткер өзі туралы видеоны бірге жүктеу қажет, сонымен қатар режиссураны таңдау себебіне де тоқтала кеткен жөн. Бірінші кезеңнен өткен үміткерлер Алматыда арнайы комиссия өткізетін офлайн кездесуге (05.07.24 -12.07.24) шақырылады.
Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекеттік білім гранттары қандай мамандықтарға көп бөлінетінін хабарлаған болатынбыз.