Ресей Трамптың Украинадағы қақтығысты реттеу туралы мәлімдемесін назарға алды

АСТАНА. KAZINFORM — Кремль АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы қақтығысты реттеу мерзімдерін қысқарту және жоғарғы деңгейдегі байланыстарға қызығушылықтың жоқтығы туралы мәлімдемесімен танысты, деп хабарлайды ТАСС.

Ресей мен АҚШ көшбасшылары арасында келіссөздер өтуі жоспарланбаған – Песков
Фото: vesti.az

— Біз Трамптың кешегі мәлімдемесін назарға алдық, — деп жауап берді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Америкалық басшының сөздеріне баға бергісі келмейтінін айтты.

14 шілдеде Трамп егер Мәскеу мен Вашингтон 50 күн ішінде Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу туралы келісімге келе алмаса, Ресей мен оның сауда серіктестері үшін импорттық баж салығын шамамен 100 пайызға дейін енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Одан бұрын, Шотландияда Ұлыбританияның премьер-министрі Кир Стармермен бірлескен баспасөз конференциясында АҚШ президенті 50 күндік мерзімді қысқартып, Владимир Путинге дүйсенбіден бастап 10-12 күн ішінде Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеуді ұсынғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар