Ресей, Түркия, Украина, Қырғызстан президенттері, Австрияның бұрынғы Федеральдық канцлері Мемлекет басшысын туған күнімен және Астана күнімен құттықтады

деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі. Дмитрий Медведев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен және Астана күнімен құттықтады. Әңгіме барысында тараптар екі жақты қатынастың дамуын, бірінші кезекте экономикалық ынтымақтастықтың өсе түсуін қанағаттанарлықпен атап өтті.
Абдулла Гюль қазақстандық көшбасшыны туған күнімен және Астана күнімен құттықтады. Олар екі жақты қатынасты одан ары дамыту мәселелерін талқылады, сондай-ақ екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік туралы құжатты жасауға кірісуге сыртқы саясат ведомстволарына тапсырма беруге уағдаласты.
Виктор Ющенко Президенттің атына және барлық қазақстандықтарға игі тілегін жеткізді. Тараптар қазақстан-украина арасындағы өзара іс-қимылды жандандырудың қажеттігін атап өтісті.
Құрманбек Бакиев бауырлас қырғыз халқы атынан Нұрсұлтан Назарбаевты және барлық қазақстандықтарды бүгінгі мерекемен құттықтады. Әңгіме барысында екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысын Австрияның бұрынғы Федеральдық канцлері Франц Враницкий де құттықтады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев екі ел басшысы негізін салған мемлекетаралық байланысты дамыту туралы идеялар жүзеге асып жатыр, деп атап өтті.