Ресей Үкіметінің төрғасы В. Путин Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді

АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ – Мамырдың 21-інде Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Владимир Путиннің Қазақстанға жұмыс сапары өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Ресей Үкіметі Төрағасының сапары барысында Қазақстан мен Ресейдің 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарының жекелеген тармақтарының жүзеге асыру барысы, отын- энергетикалық кешен, оның ішінде атом энергетикасы саласындағы мәселелер, «Байқоңыр кешенінің құқықтық келісімдік базасын жетілдіру, трансшекаралық су нысандарын пайдалану және қорғау, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың басқа да көкейкесті мәселелері талқыланады деп жоспарлануда», деді бүгін Астанада апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев.«Сапардың өзектілігі Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының қол жеткен деңгейін сақтау мен тереңдету мақсатында қазіргі экономикалық дағдарысты еңсеру жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру қажеттігінен, Кеден одағын құру мақсатында өзара мүдделерді қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді талқылау қажеттілігінен туындап отыр», деп тұжырды сөзін ресми өкіл.
Соңғы жаңалықтар