Ресей-Украина келіссөзі Ватиканда жалғасуы мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM – Финляндия президенті Александр Стубб Ресей мен Украина өкілдері арасындағы «техникалық» келіссөз бірнеше күннен кейін Ватиканда жалғасуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды DW ақпарат агенттігі.

Фин саясаткері АҚШ келіссөз процесінен шықпайтынын мәлімдеді.
– Олар берілмеді. Ал қазір делдалдар көбейіп кетті. Бұрын бұл рөлді АҚШ қана атқарса, енді Еуропа да қосылып жатыр, - деп келтірді Yle басылымы Стубб сөзін.
Финляндия президенті жағдайдың осылай дамуын жақсы деп атады. Понтификтің келіссөзді Ватиканда өткізуге дайын екені атап өтілді.
19 мамырда Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Ресей мен Украина арасындағы келіссөз «дереу» басталатынын мәлімдеді. Ақ үй басшысы бұл туралы бірден Украина президенті Владимир Зеленскийге, сондай-ақ Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйенге (Ursula von der Leyen), Франция президенті Эмманюэль Макронға, Италия премьер-министрі Джорджа Мелониге, ГФР канцлері Фридрих Мерцке (Friedrich Merz) және Финляндия басшысы Александр Стуббқа хабарлады.
Ватикан келіссөзді жалғастыру үшін әлеуетті орын аталды. 20 мамырда Италия үкіметі жаңа Рим Папасы Лев XIV қабылдаушы тарап рөлін атқаруға келісім бергенін хабарлады.
Бұған дейін Ыстанбұлда Түркия-АҚШ-Украина үшжақты кездесуі өтті.
Ыстанбұлдағы келіссөзде Ресей Украинаға бес шарт қойды.