Ресей ҰҚШҰ бітімгершілік қызметі туралы келісімді бекітті

МӘСКЕУ. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев қаңтардың 6-сында «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік қызметі туралы келісімді бекіту туралы» Заңға қол қойды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кремльдің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, келісім әлемдік және аймақтық деңгейдегі бітімгершілік қызметтеріне Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының атсалысуы және тұрақты негізде ұйымның бітімгершілік күштерін жасақтау мәселелерін реттейді. Бітімгершілік күштер ортақ бағдарлама бойынша дайындықтан өткізіліп, қару-жарақ пен байланыс құралдарының ортақ үлгілерімен жарақталатын болады және тұрақты бірлескен жаттығуларға атсалысады. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына Ресей, Беларус, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдері кіреді.
Соңғы жаңалықтар