Ресей виртуалды қоңырауларды бақылауға алады

АСТАНА. KAZINFORM — Ресей виртуалды телефон станциялары арқылы жасалған интернет-қоңырауларды таңбалауды қолға алмақшы, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

т
Фото: pixabay

Үкімет шабуылдаушылар өздерінің орналасқан жерін жасыру үшін виртуалды телефон станцияларын пайдаланатынына назар аударды.

РФ Премьер-Министрінің орынбасары — Үкімет Аппаратының жетекшісі Д. Григоренконың кеңсесі мәлімдемесінде азаматтардың қауіпсіздігін арттыру және алаяқтықпен күресу мақсатында виртуалды телефон станциялары (АТС) арқылы жасалған интернет-қоңырауларды міндетті түрде таңбалауды енгізу жоспарланған. Бұл шара Ресей үкіметінің телефон және интернет алаяқтығымен күресу жөніндегі кешенді заң жобасының бір бөлігі.

Таңбалау құқық қорғау органдарына күдікті әрекеттерді тиімді бақылауға және анықтауға көмектеседі. Бұл алаяқтардың виртуалды станциялар арқылы жасырын қоңырау шалу мүмкіндігін жояды.

Осыған дейін жамбылдық кәсіпкерлерді бопсалап келген қазақстандық Ресейден елге жеткізілгенін хабарладық.

Соңғы жаңалықтар