Ресей вице-премьері: жанармайға қатысты мәселе бақылауда

МӘСКЕУ.KAZINFORM - Ресейдің ішкі жанармай нарығындағы жағдай ел үкіметінің бақылауында, ал кейбір аймақтардағы тапшылық мәселелері тікелей шешіліп жатыр, деп мәлімдеді вице-премьер Александр Новак, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

жанармай
Фото: freepik

Оның айтуынша, жағдай толық бақылауда. РФ Энергетика министрлігі өңірлермен штаб жағдайында жұмыс істеуде, жалпы алғанда ел бойынша сұраныс пен ұсыныс балансы қамтамасыз етілген. Бірқатар өңірлердегі қамтудағы қиындықтар тікелей реттеліп, мұнай өнімдерінің жеткізілуі мен бар болуы қамтамасыз етілуде.

Бензин мен дизель өндірісін арттыру үшін әртүрлі химиялық элементтер мен қоспаларды пайдалану мәселелері қарастырылып жатыр.

Бұған дейін Ресейдің жанармай одағы Новакқа жанармай сатылымының табысы төмен деңгейде екенін жәнк кейбір тәуелсіз станциялардың жабылып жатқанын айтып хат жолдаған еді. Одақ дерегінше оған жанармайдың жеткізілуіне қатысты қиындықтар мен тауап тапшылығы себеп. 
РФ үкіметі ішкі нарықтағы тұрақтылықты сақтау үшін бензин экспортына уақытша тыйымды ұзартты және басқа да жанармай түрлеріне шектеулер енгізді.

Ресей үкіметінің хабарламасында айтылғандай, жаңа қаулыға сәйкес автокөлік бензинін ел аумағынан шығаруға уақытша тыйым салынды. Ол 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшінде болады және барлық экспорттаушыларға, соның ішінде өндірушілерге де қатысты. Бұған дейін бензинді өндірушілерге қыркүйектің соңына дейін, ал өндіруші емес экспорттаушыларға қазан айының соңына дейін шығаруға тыйым салынған болатын.

Сондай-ақ дизель отынын, кеме отынын және басқа газойль түрлерін, соның ішінде биржадан сатып алынғандарын да экспорттауға тыйым енгізілді. Бұл шектеулер 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданыста болады. Алайда көрсетілген жанармай түрлерін тікелей өндірушілердің экспорттауына шектеу қойылмайды.

Бұған дейін де Ресей нарығына қатысты жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар