Ресей және Қытаймен тауар айналымымыз 20 млрд долларға жуық кеміді - Н.Назарбаев
«Біз табыс алып келе жатқан алюминий, мыс, болат сынды базалық экспорттық тауарлардың құны 30-40 пайызға төмендеді. Осыншама көлемде біздің табысымыз да кеміді. Біздің басты серіктестеріміз Ресей және Қытаймен тауар айналымымыз 26 млрд долларға дейін қысқарды. Бұрын 47 млрд доллар болған еді», - деді Мемлекет басшысы.
Елбасы осындай қиын дағдарысты жағдайда экономиканы қолдау шараларын мемлекет тарабы төмендетпегендігін түсіну қажеттігін баса айтты.
«Бұл - дайындалғанымыздың, индустриаландыру бағдарламасын жасағанымыздың, шағын және орта бизнесті дамытқандығымыздың арқасы. Біздің халқымыз саясатты дұрыс жүргізу тек қана экономика тұрақтылығын сақтап қана қоймай сонымен бірге әлеуметтік жағдайды да ұстап тұратындығын білуі қажет. «Тағы да көбірек бер», деген кезде оның қайдан алынатындығын түсінуі тиіс», - деді ҚР Президенті.