Ресейде 15 күн ішінде тоғыз губернатор қызметінен босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 қыркүйекте бастау алған Ресей өңірлері басшыларының мерзімінен бұрын отставкаға кетуі Омбы облысына жетті, деп хабарлайды ВВС.

Ресейде 15 күн ішінде тоғыз губернатор қызметінен босатылды

Алдыңғы жағдайлардағыдай, Кремль  губернатор Виктор Назаровтың «өз еркімен» қызметінен кеткенін  хабарлады. Бұл соңғы екі аптадағы тоғызыншы губернатордың қызметінен кетуі. Ең алғашқы болып  «өз еркімен» Самар облысының басшысы Николай Меркушкин кетті.

Бұған дейін сарапшылар губернаторлардың отставкаға кету науқанын 2018 жылы болатын президент сайлауына дайындықпен байланыстырған болатын.