Ресейде 2026 жылы «Молния» мессенджері іске қосылады

МӘСКЕУ.KAZINFORM - Ресейлік «Молния» мессенджерінің іске қосылуы 2026 жылдың басына қалдырылды, бастапқы мерзім биылғы қыркүйек болатын, деп хабарлайды агенттік тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.

18 млн пользователей зарегистрировались в российском мессенджере Мax
Фото: РИА Новости

Мессенджерді іске қосу мерзімінің өзгеру себептерін платформа өкілдері атамады.

Бұл қосымша ресейлік «Ред софт» компаниясы мен қытайлық Passion компаниясының бірлескен әзірлемесі.

«Молния» - коммуникация мүмкіндіктерін, әлеуметтік контентті, төлемдерді, трансшекаралық сауданы және бизнеске арналған сервистерді біріктіретін бірыңғай платформа.

Мессенджердің баспасөз қызметінің мәліметінше, сервис жылдам өсіп келе жатқан Ресей–Қытай туристік ағымына, кәсіпкерлерге, контент авторларына, сондай-ақ трансшекаралық қызметпен айналысатын компанияларға арналған функционалды шешім ретінде әзірленіп жатыр.

-Біз студенттер, кәсіпкерлер, туристер және халықаралық цифрлық кеңістікте өмір сүретін барлық адамдар үшін қажет, қолайлы, қауіпсіз және заманауи құрал жасап жатырмыз, — деді «Молния»-ның бас директоры Михаил Толпышкин.

«Молния» компаниясы 2025 жылы сол атаудағы бизнес пен әлеуметтік сервистер экожүйесін дамытуға, сондай-ақ жаңа супер-қосымшаны дамытуға қолдау көрсету үшін құрылған. «Молния» ЖШС жаңа сервистің әлеуметтік құрамдас бөліктерден бастап бизнес-функциялар мен контентпен жұмыс істеуге дейінгі барлық бағыттарын қадағалайтын болады.

Бұған дейін Ресей Қытай азаматтары үшін визаларды алып тастағаны хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар