22:02, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
Ресейде апта ішінде жұмыссыздар саны 72 мың адамға артты
МӘСКЕУ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат – Ақпанның 11-індегі Ресейдің жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар саны 1,807 миллион адамды құрады және бір аптада 72 мың адамға көбейді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Мұндай мәліметтерді РФ вице-премьері Александр Жуков Ресей үкіметінің басшысы Владимир Путинмен кездесуінде келтірді. Әсіресе Челябі, Нижегород, Тверь, Вологод, Свердлов және Владимир облыстарының жұмыспен қамту органдарында тіркелген металлургия және машина жасау салаларындағы жұмыссыздық едәуір өскен.