Ресейде ата-ана қамқорлығынсыз қалған 30 өзбекстандық бала еліне қайтарылады

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Шетелде ата-ана қамқорлығынсыз қалған өзбекстандық балаларды еліне қайтару үшін Ішкі істер және Денсаулық сақтау министрліктерінің қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы Ресейге аттанды.

ата-ана қамқорынсыз қалған балалар
Фото: ӨР Ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігі

Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігі хабарлайды.

Қазіргі уақытта Ұлттық әлеметтік қорғау агенттігі, ІІМ және консулдық мекемелері Мәскеу, Санкт-Петербург, Астрахань, Волгоград, Иркутск, Челябі, Владивосток және Ульяновск қалаларында, сондай-ақ Мәскеу, Владимир, Орёл, Смоленск, Владимир облыстарында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 30 баланың құжаттарын бірлесіп рәсімдеуде.

Кәмелетке толмағандардың тұрақты тіркеу орны бойынша «Адам» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары отбасылық ортаға жеткізіліп жатқан балаларды қайтару шараларын жүргізуде.

Жоспарға сәйкес:

23 кәмелетке толмаған бала ата-анасына қайтарылады;
5 бала туыстарының қамқорлығына беріледі;
2 бала баламалы орналастыру орындарына ауыстырылады.

Агенттіктің мәлімдеуінше, жыл басынан бері шетелде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 10 бала туған еліне қайтарылған.

Еске сала кетейік, Ресейде ата-ана қамқорлығынсыз қалған өзбекстандық балалар еліне оралды. 

Соңғы жаңалықтар